BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы дамушы елдерге қалай әсер ететінін айтты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан «Астана клубының» төртінші отырысына қатысты.

«Әлемдегі қарама-қайшылықтардың күшеюі ғаламдық қауіпсіздікті дамыту институттарының тиімділігінде сұрақ тудырады. Бүгінгі күннің маңызды тренді - екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі стратегиялық тұрақтылықтың негіздерін бұзу. Әлемдік державалар қарулануға көшуі мүмкін. Менің ойымша, адамзат балаларының болашағы мен қазіргі кезеңге алаңдап отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, қазір әлемде экономикалық қарама-қайшылықтар көпшілік ашық түрде «сауда соғыстары» деп атап кеткен фазаға дейін ушықты.

«Солардың бірі АҚШ пен Қытай арасында орын алып отыр. Оларға бүкіл экономиканың үштен бірі, ғаламдық экспорттың 20 пайызы және тікелей инвестициялардың үштен бірінен астамы тиесілі. Бұл жалпы әлем экономикасы өсімінің төмендеуіне әкеледі. Осының салдарынан әсіресе дамушы елдерде жағдай нашарлайды. Кедейлік тереңдеп, жұмыссыздық көбейе береді. Бұның барлығы терроризм, көші-қон мен сепаратизмнің дамуына ұтымды жағдай жасайды. Ауғанстанда да солай басталған. Соңғы кезде бізде бар есірткі қылмыстары, терроризм мен экстремизм - сол елде (Ауғанстан-авт.) 1979 жылдан бері болып жатқан соғыстың нәтижесі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Елбасы Ресей, АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестікті басқару деңгейі төмендеп келетінін айтқан еді.

Сондай-ақ, қазақстандық сарапшы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әскери-саяси шиеленіске әкелуі мүмкін деген пікір білдірген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер