BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев: «Астана» қаржы орталығы – өзгерістердің маңызды буыны

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы еліміздің дамуына оң серпін беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Президент алдымен Астана 20 жылдығын атап өткелі отырғанын атап өтті.

«Бұл күндері әсем Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз.
Тарих үшін қас-қағым 20 жыл ішінде даланың дәл ортасында тұрған шағын қала бүгін миллионнан астам халқы бар мегаполиске айналды. Астана – тәуелсіздіктің, еліміздің береке-бірлігінің және дамуының символы. Астана – еліміздегі барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы. Сондықтан халықаралық қаржы орталығының ашылуы соның айқын көрінісі», - деді Мемлекет басшысы «Астана» ХҚО ашу рәсімінде.

Оның айтуынша, қаржы орталығының тұсаукесер салтанатын тамашалауға 50-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері келген. Осы орайда Елбасы оларға өз алғысын білдірді.

«Әсіресе, Абу Даби әмірлігінің мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Əл Нахаян мырзаға, Татарстан президенті Рустам Минниханов мырзаға ерекше алғысымды білдіремін», - деді президент.

Сонымен қатар ол «Астана» ХҚО-ның ашылуы еліміздің дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

«Қазақстанды көркейту және еліміздің стратегиялық мақсатына жету жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экономиканы индустрияландыру, әртараптандыру белсенді жүргізілуде. Мемлекеттің үшінші жаңғыру бастамасы цифрландыру бағдарламасымен жүзеге асырылуда. Осы орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізгі реформалар мен өзгерістердің маңызды буыны болып саналады. Оның қызметіне сәттілік тілеймін. Бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!», - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер