BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев мемлекеттік наградаларды табыстау туралы жарлыққа қол қойды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері»

атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –

Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Бәйменова Құралай Базарбайқызы

-

«Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы

Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы

-

«Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы

Соловьева Алина Робертовна

-

«А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Шымкент қаласы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін BAQ.KZ тілшісі ҚР қоғам қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы, Ақтөбедегі «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Бәйменова туралы арнайы материал жазған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер