BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекет басшысы бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаев бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ақтау қаласының теңіз жағалауы арқылы өтетін жаңа нысанды – «Жартас жолын» аралап көрді.

Бұл көрікті жерде петроглифтер бейнелеген, сондай-ақ мұнда жаяу жүргіншілерге арналған орындар, теңіз көрінісін тамашалауға арналған алаңдар мен табиғи үңгір орналасқан.

Мемлекеттер басшылары бірлесіп, қолдан өсірілген 500 ақсерке балығын теңізге жіберді.

Сонымен қатар, елдер көшбасшылары шығыс ертегілерінің желісіндегі театрландырылған би қойылымын тамашалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер