Кірістерінен ешқандай аударымдар жасамайтындар бар - Назарбаев - Президент|01 Қыркүйек 2018, 12:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кірістерінен ешқандай аударымдар жасамайтындар бар - Назарбаев

ҚР Президенті өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлемін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Маңызды мәселелердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартуға қатысты. Кірістерінен ешқандай аударымдар жасамайтын халықтың бөлігі бар, сәйкесінше, олар зейнетақы жүйесімен әрі әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамтылмаған. Осыған байланысты қажетті заңнамалық өзгерістер даярланды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлемін енгізу ұсынылады. Бұл төлем өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға медициналық, әлеуметтік сақтандыру, сондай-ақ зейнетақылық қамтамасыз ету жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді. Осы өзгерістерді биылғы жылдың соңына дейін қабылдау қажет», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы бұл мәселе Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу тұрғысында айрықша өзекті екенін атап өтті.

Бұдан бөлек Президент медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделін енгізуді, қоғамдық денсаулықты қорғау мен медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді қарастыратын заң жобасы әзірленгенін еске салып өтті.

«Бұл құжат Парламент қарауына енгізілген болатын. Бұл ретте оны қарастыруды ұзаққа созбауды сұраймын»,- деді Н. Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер