BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ильхам Алиев Назарбаевқа: Сіздің екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесіңіз өлшеусіз

Өзге елдер мемлекет басшылары мен лауазымды тұлғалардан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтаған жеделхаттардың түсуі жалғасуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.

Мәселен, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін атап кө­рсете келіп, Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады.

«Мемлекеттілікті нығайту, елдің əлеуметтік-экономикалық жоғарылауы, оның беделінің күн өткен сайын артуы Сіздің көшбасшылығыңыздың, дана да көреген саясатыңыздың нəтижесінде мүмкін болды. Сіздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынасты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесіңіз өлшеусіз. Стратегиялық сипатқа ие Əзербайжан-Қазақстан достығы мен ынтымақтастығы алдағы уақытта да біздің халықтарымыздың мүддесіне қызмет ететініне сенімдімін», - делінген жеделхатта.

* * *

Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық, күш-жігер мен жаңа жетістіктер, ал Қазақстан халқына өсіп-өркендеу тіледі.

«Украина мен Қазақстан арасындағы достық жəне əріптестік қарым-қатынастар, сондай-ақ біздің азаматтарымыздың арасындағы ізгі ниетті байланыстар екі елдің əрі қарай да өсіп-өркендеуі мен өзара тиімді ынтымақтастығына негіз болады», - делінген жеделхатта.

* * *

Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян өзінің құттықтауында достық қарым-қатынас пен өзара құрмет арнасындағы бірлескен күш-жігер Армения Қазақстан қарым-қатынасын өрістетуге оң ықпал ететініне сенім білдіреді.

«Сіздің Мемлекет басшысы лауазымындағы экономиканы дамыту мен Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған қызметіңіз Өзіңіз жүргізіп келе жатқан орнықты бағдар нəтижесінде мемлекеттік құрылыс тұрғысынан өзіндік қолтаңбаңызды айшықтайды», - делінген жеделхатта.

* * *

Мəскеу мен Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл өзінің құттықтау хатында Мемлекет басшысының басшылығымен жүзеге асырылып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне бағытталған бірқатар айтулы əлеуметтік жəне экономикалық жобаларды атап өтеді.

«Көп жыл бойы Қазақстанның көшбасшысы бола отырып, Сіз өзіңізді сол жылдар бедерінде салмақты да дəйекті шешім қабылдайтын талантты басшы ретінде көрсеттіңіз. Сіздің бастамаларыңыздың табыстылығына бүгінде Республиканың игілігіне айналған берік дінаралық келісім мен ұлтаралық түсіністік қызмет етіп отыр», - делінген жеделхатта.

Елбасын туған күнімен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Моңғолия Президенті Халтамаагийн Баттулга құттықтаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер