BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы Ресей телеарналарына сұхбат берді

Фото: akorda.kz

Астана, BAQ.KZ. Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сұхбат барысында Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында «Россия-1» және «Россия-24» телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер