BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы Қазақстанның АҚШ, Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы жайлы айтып берді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада шетелдік дипломатиялық өкілдік басшыларымен кездесті.

«Қазақстан бүгін әлемнің 184 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатып, 57 елшілігі мен тұрақты өкілдігін өз елордасында ашты. Бізде шетелдің 98 елшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдігі бар. Еліміз сыртқы саясатта бейбіт әрі көпвекторлы бағытты ұстануын жалғастыра беретін болады. Қазақстан Ресей Федерациясымен достық қатынастарын екіжақты форматта және Еуразиялық экономикалық одақ аясында дамытып келеді. Жақында Петропавл қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен бірге өңіраралық ынтымақтастығымыздың 15-ші форумын табысты өткіздік. ҚХР-мен өзара сенімге және сыйластыққа негізделген жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз тұрақты дамып келеді. Қазақстан жалғастырып, өз тарапынан барлық шараны қолданатын болады. Бейжіңге 7-8 маусымдағы мемлекеттік сапарым екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге тың серпін берді деп санаймын. Менің қаңтар айында Вашингтонға жасаған ресми сапарым және президент Дональд Трамппен келіссөздерім барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ХХІ ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізгені қуантады. Келісілген мәселелер өз ретімен шешіліп келеді. Екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері АҚШ Сауда министрі Уилбур Росстың Қазақстанға жақындағы сапары барысында егжей-тегжейлі қарастырылды», - деді Назарбаев жиында.

Елбасының айтуынша, Орталық Азия өңірі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарында маңызды рөл атқарады. Тығыз ынтымақтастық елдердің экономикалық әл-ауқатын арттыруға, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ тарихи және мәдени байланыстарды одан ары дамытуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдік басшыларымен кездескені туралы жазғанбыз. Жиын барысында Назарбаев Қазақстан еуразиялық көлік-транзит хабының негізгі торабы саналатынын, көрші елдер арасында сенімнің артқанын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер