BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады

Фото: Аkorda.kz

Астана, BAQ.KZ. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімделді, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер