BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының отырысында ҚР Жоғарғы сот судьялары лауазымдарынан босатылды.

«Ербол Рақымбековты, Ержан Дәулиевті, Дәулен Нұралинді Жоғарғы сот судьялары қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы талқылауға енгізіліп отыр. ҚР Президентінің 2018 жылғы 9 қазандағы Жарлығымен Рақымбеков Шымкент қалалық сотының төрағасы, ал Дәулиев Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Нұралин отставкаға шығуға ниет білдірді», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Сенаторлар талқылаудан кейін аталған судьяларды қызметінен босату туралы шешім қабылдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер