BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бекетаев жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметімен таныстырды

Фото: sputniknews.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Үкімет сағатында осы салада атқарылып жатқан жұмыспен таныстырды.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу функциясын Әділет органдары 2007 жылдан бастап жүргізіп келеді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы жаңа тенденциялар және халықаралық тәжірибе негізінде жүйелі түрде жаңартылады. Жыл сайын елімізде орташа алғанда жылжымайтын мүлікке 1 млн 700 мыңнан астам құқықтар тіркеледі. Сондай-ақ, 10 млн астам электронды форматта анықтамалар беріледі. Бұл көрсеткіштер жыл сайын өсіп келеді», - деді Бекетаев.

Министрдің айтуынша, жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі функциялар әділет органдарына берілген уақыттан бастап, осы салада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

«Мысалы, тіркеу мерзімдері 15 күннен 3 күнге дейін қысқартылды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін екі құжатты ғана ұсынған жеткілікті (құқық белгілейтін құжат және төлеу туралы түбіртек). Техникалық паспортты беру туралы талап алынып тасталды. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруда елімізде ең алғашқы жобалардың бірі болған «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры жұмыс істеп жатыр», - деді Марат Бекетаев.

Ведомство басшысының мәліметінше, қазіргі таңда жылжымайтын мүлік тіркелімімен мемлекеттік органдардың 28 ақпараттық жүйесі біріктірілген.

«2015 жылдан бастап нотариустар куәландырған барлық мәмілелерге құқықтарды электрондық тіркеу енгізілді. Бұл мәмілелер 1 күн ішінде тіркеледі. Осылайша, әрбір төртінші тіркеу электронды форматта жүргізіледі. Құқықтық кадастрдағы анықтамалар түріндегі барлық ақпараттық қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл E-gov шеңберіндегі қызметтер арасында қажеттілігі жағынан екінші қызмет болып табылады. Күн сайын 30 мыңнан астам ақпараттық анықтамалар беріледі», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер