Жаңа Сенат депутаттарының есімдері белгілі болды - Парламент|28 Маусым 2017, 13:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа Сенат депутаттарының есімдері белгілі болды

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Сенатының сайлауы аяқталды. Нәтижесінде жаңадан 16 сенатор сайланды. Сайлау заңнама талаптарына сәйкес өткізілді. Арыз-шағымдар осы уақытқа дейін түскен жоқ. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала қорытындысына тоқталайын. Астана уақытымен сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 16 өңірде ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауда алдын-ала қорытынды шығарылды», - деді ол.

Кейін Бақыт Мелдешов жаңа Сенат депуттарының есімдерін атады.

«Сайлаудың алдын-ала қорытындысы бойынша Ақмола облысы Дәурен Әбілбеков, Ақтөбе облысы Мұхтар Жұмағазиев, Алматы облысы Нұрлан Қылышбаев, Атырау облысы Ғұмар Дүйсембаев, Шығыс Қазақстан облысы Дүсенғазы Мусин, Жамбыл облысы Абдалы Нұралиев, Батыс Қазақстан облысы Нариман Төреғалиев, Қарағанды облысы Рысқали Абдикеров, Қызылорда облысы Мұрат Бақтиярұлы, Қостанай облысы Жеңіс Нұрғалиев, Маңғыстау облысы Бақтыбай Шелпеков, Павлодар облысы Нұржан Нұрсипатов, Солтүстік Қазақстан облысында Ерік Сұлтанов, Оңтүстік Қазақстан облысында Әлімжан Күртаев, Астана қаласы Еділ Мамытбеков, Алматы қаласынан Динар Нүкетаева депутат болып сайланды», - деді ол.

Сөз соңында ОСК хатшысы сайлаудың заң талаптарына сай өткендігін атап өтті.

«Сайлауға 3291 таңдаушының 3165-і қатысты. Ол – 96,2%-ды құрайды. Сайлау науқанына қатысқан халықаралық байқаушылардың саны 172, шетелдік БАҚ өкілдерінің саны – 116. Барлығы 288 байқаушы. Сайлау науқаны ҚР Сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өткізілді. Арыз-шағымдар осы уақытқа дейін Орталық Сайлау комиссиясына түскен жоқ», - деп түйіндеді сөзін Бақыт Мелдешов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер