BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа Кеден кодексi транзиттiк жүктердi тексеру мерзiмiн қысқартады – ҰЭМ

Фото: Архив Baq.kz

Жаңа Кеден кодексi транзиттiк жүктердi тексеру мерзiмiн 10 күннен 5 күнге дейiн қысқартады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазақстан Республикасының транзиттiк әлеуетiн дамыту мақсатында Кодексте кедендiк операцияларды оңтайландыру бойынша бiрқатар норма көзделген. Қолданыстағы Кодексте 24 сағатта кедендiк транзиттi аяқтау көзделген болатын. Жаңа Кодексте рәсiмдi аяқтау үшiн 4 сағаттан аспайтын жұмыс сағаты берiлген. Бұдан басқа, транзиттiк жүктердi кедендiк тексеру қажет болған жағдайда оларды жүргiзу мерзiмi 10 күннен 5 күнге дейiн қысқартылады», - дедi «ҚР-дағы кедендiк реттеу туралы» ҚР Кодексiнiң жобасын таныстырған Сүлейменов.

Министрдiң айтуынша, көлiктiң екi және одан көп түрi мен тауарларды тасымалдау кезiнде транзиттiк рәсiмдеуде белгiлi бiр қиындықтар болды. Атап айтсақ, көлiктiң әр түрiне жеке транзиттiк декларация рәсiмделген болатын. Ал, жаңа Кеден кодексiнде бiр транзиттiк декларация рәсiмдеу мүмкiндiгi берiлген. Бұл мультмодальды тасымалдау рәсiмiн едәуiр жеңiлдетедi.

Сондай-ақ, бүгiн депутаттар «ҚР-ның кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендiк реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасын қарады. Сенаторлар қос заң жобасын екiншi оқылымда қарайтын болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер