BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банк: Теңге жыл басынан бері 10,9% әлсіреген

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Валюта нарығындағы теңге бағамы 2018 жылдың басынан 30 қазан аралығында бір АҚШ доллары үшін 368,55 теңгеге дейін 10,9%-ға әлсіреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.

Ұлттық Банк төрағасының айтуынша, теңгенің әлсіреуі сыртқы факторларға байланысты болды. Олар: АҚШ долларының дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюы және Ресейге қарсы санкциялардың болашақта қатаңдатылатыны туралы мәлімдемелер.

«Аталған бағамдық саясат алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері қыркүйектің соңында 30 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 56,3 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 86,3 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Данияр Ақышев.

Сонымен қатар, төраға Қазақстан Ұлттық Банкі 2019 жылы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты.

Бұған дейін Ақышев Ұлттық Банк инфляцияны 4-6% дәлізде ұстап тұруға тырысатынын айтқан болатын.

Атап өтсек, Мәжіліс отырысында "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер