BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түркістан облысы туралы қажетті заңнамалық құжаттар әзірленеді – депутат

Фото: интернеттен

Мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов жалпы отырыстан кейін Парламент кулуарында Қазақстанда қысқа уақыт ішінде үшінші мегаполистің пайда болуын маңызды оқиға ретінде атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасының бұл шешімі – еліміздің дамуы үшін өте дұрыс шешім. Қысқа уақыт ішінде елімізде үш ірі мегаполис пайда болды. Осыған дейін Алматы ғана миллионер қала болса, Астана, содан кейін Шымкент осы мәртебеге ие болып отыр. Ендігі кезекте оның жанындағы ауыл-аймақ дамитын болады. Ал Түркістан облысының құрылуы жаңа мүмкіндіктерге, газдандыру, туризм секілді барлық бағыттағы саланы дамытуға жол ашады. Бұйрық шықты, алдағы уақытта барлық қажетті заңнамалық құжат әзірленетін болады», - деді Сұлтанов.

Еске сала кетсек, 19 маусым күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер