BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенатта зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Аталған заң жобасы 2014 жылы 12-ші маусымдағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші пленарлық отырысында берілген президенттің тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Президент Үкіметке зияткерлік меншік саласын қорғау және дамыту саласында ЭЫДҰ стандарттарына өту жөнінде жүйелі жұмысты жүргізуді тапсырған болатын», - деді комитет мүшесі Дулат Құсдәулетов.

Сенатордың айтуынша, заң жобасы аясында бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Олардың барлығы бірінші оқылымда қарастырылған.

«Сенаттың тұрақты комитеттерінің осы заң жобасы бойынша ескертпелері мен ұсыныстары екінші оқылымға түскен жоқ. Осыған байланысты аталған заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттерінен келіп түскен толықтырулармен және өзгертулермен қамтылмайды. Баяндалғанның негізінде аталған заң жобасын Сенаттың жалпы отырысына енгізуді ұсынамын», - деді Құсдәулетов.

Комитет мүшелері заң жобасын қолдап, заң жобасы Сенаттың жалпы отырысында қаралатын болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер