Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан-Тәжікстан арасындағы бірқатар келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын талқылады.


Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан-Тәжікстан арасындағы бірқатар келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын талқылады.
Кеңейтілген отырыста «Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасында Көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы, «Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасында Қазақстан азаматтарының Тәжікстан аумағында және Тәжікстан азаматтарының Қазақстан аумағында жүріп-тұру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мен басқа да заңдар қаралды.
Атап өтсек, Көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім көші-қон процестерін, баспана мен азаматтық беру тәртібін, заңсыз көші-қонмен күрес іс-қимылын реттеуге бағытталған.
Ал, жүріп-тұру тәртібі туралы келісім екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін міндетті тіркеусіз 30 күнге дейін, ал міндетті тіркеумен 90 күнге дейін жүріп-тұруға мүмкіндік бермек.
Аталған заң жобалары Палатының қарауына жөнелтілді.
Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан астаналарын байланыстыратын әуе рейсі ашылғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Тәжікстанның туристік мүмкіндіктері жайлы жариялаған болатынбыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!