BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенатор тұрғын үйдi сатып алу құқығынсыз жалға берудiң осал тұстарын атады

Бүгiн Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында депутат Михаил Бортник тұрғын үйдi сатып алу құқығынсыз жалға берудiң осал тұстарын атады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн Сенатта «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының iске асырылу барысы туралы» дөңгелек үстел өттi. Жиында Сенат депутаты Михаил Бортник баспананы сатып алу құқығынсыз жалға берудiң осал тұстарын атады.

«2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы сәттi жүзеге асты дегенiмiзбен, назар аударуды қажет ететiн бiрқатар мәселе бар. Бiрiншi мәселе - баспананы сатып алу құқығынсыз жалға беру. Өңiрлерде депутаттарға халықпен кездескенде «бастапқы жарнаны төлей алмайтын адамдар не iстейдi?» деген сұрақ жиi қойылады. Бұл - бiрiншi кезекте халықтың әлеуметтiк осал топтарын мазалайтын сұрақ. Баспананы сатып алу құқығынсыз жалға беру - халықтың осы тобын қолдауға бағытталған бағдарлама құралы. Шаршы метрдi жалға беру бағасы шамамен 100 теңгенi құрайды. Бұл - табысы төмен азаматтар үшiн тиiмдi сома. Сатып алу құқығынсыз жалға берiлетiн тұрғын үйге сұраныс жоғары. Оңтүстiк Қазақстан облысында ғана 54 мың адам аталған баспана түрiне ие болғысы келедi. Бұл көрсеткiш сұраныстың қандай екенiн көрсетiп тұр. Осы бағыт бойынша қосымша 10 млрд теңге бөлiнетiнi де белгiлi. Менiң ойымша, қаржылай мүмкiндiк болса, аталған бағытқа бөлiнетiн қаржыны көбейту мәселесiн қарастыру қажет», - дедi Бортник.

Дегенмен, сенатор бұл бағдарламаның осал тұстарын да атады. Оның айтуынша, баспананы сатып алу құқығынсыз жалға беру азаматтардың өмiр бойы тұрғын үймен қамтамасыз етiлуiне кепiлдiк бермейдi.

«Бұл жерде пiкiр таластыратын бiрқатар мәселе бар. Мысалы, баспананы сатып алу құқығынсыз жалға алушы қайтыс болып кетсе, отбасы мүшелерiнiң сол баспананы әрi қарай жалға алу құқығы бола ма немесе оларды шығарып жiбередi ме?» деген сұрақ туындайды. Сондай-ақ, аталған үйлердi техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселесi де бар. Әдетте, уақытша тұрғындар түрлi себептермен өз қаржысын үй, кiреберiсiн ұстауға, аула аумақтарын абаттандыруға жұмсағысы келмейдi. Барлық шығын жергiлiктi бюджетке жүктеледi», - дейдi Сенат депутаты.

Михаил Бортник халықаралық тәжiрибеге сүйенiп, АҚШ-ты мысалға келтiрдi. Оның айтуынша, АҚШ мемлекетi жалға берiлетiн әлеуметтiк тұрғын үйдi салғанымен аз уақыт iшiнде олар нашар ауданға айналып кеткен. Сондықтан бiрнеше жылдан кейiн оларды сүрiп тастауға тура келген.

«Әрине, тiкелей салыстырған дұрыс емес шығар, бiрақ аз қауiп болса да, оларды ескеру керек деп ойлаймын. Осындай мәселелер бойынша да әрине сұрақтар бар. Менiң ойымша, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспананы сатып алу құқығымен жалға беру мүмкiндiгiн қарастыру керек. Бiрiншiден, сонда мемлекет өз ақшасын керi қайтарады. Екiншiден, отбасы өз баспанасына қол жеткiзедi. Өз меншiгiне деген көзқарас уақытшаға қарағанда әрдайым өзгеше болады. Менiң пiкiрiмше, баспананы сатып алу құқығымен жалға беру тиiмдiрек болады. Сондай-ақ, мен бұл мүмкiндiктi халықтың әлеуметтiк осал топтарына ғана беру керек деген ойдамын. Оларды өз баспанасын сатып алуға ынталандырып, сол үшiн барынша қолжетiмдi жағдай жасау қажет», - дедi Михаил Бортник.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер