BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенатор адам құқықтары жөніндегі Азия форумына қатысты

Астана, BAQ.KZ. Сенат депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқығы жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева Ташкентте өтіп жатқан Азия мемлекеттерінің адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың жиналысына қатысып, «Қазақстан Республикасында Бала құқығы жөніндегі уәкілетті институттың қызметі туралы» баяндама жасады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сенатор одан басқа 22-23 қарашада Самарқанда өткен «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 70 жылдық қорытындысы: уақыт талаптары мен шынайылық» тақырыбындағы Адам құқығы жөніндегі жоғары деңгейдегі Азия форумына да қатысты. Форумда БҰҰ және халықаралық ұйым өкілдері, Азия құрлығында адам құқықтарымен айналысатын институт басшылары мен заңгер-ғалымдар болды.

Форумға қатысушылар декларациядағы ережелерді, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және жалпыға бірдей азаматтық құқықтар мен олардың арасындағы өзара байланыс, адам құқықтары жөніндегі міндеттерді орындау саласындағы жетістіктер мен мәселелерді қарастырды.

Талқылаудың басты тақырыбының бірі – адам құқықтарын қорғаудағы атқарушы, өкілді және заң шығару билігінің, сот пен ұлттық институттардың рөлі және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ынталандыру болып отыр. Талқылау қорытынды декларацияны қабылдаумен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер