Парламент «Жайылымдар туралы» заңды қабылдады - Парламент|01 Ақпан 2017, 10:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Парламент «Жайылымдар туралы» заңды қабылдады

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында төменгi палата депутаттары «Жайылымдар туралы» заң жобасына Сенат енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды мақұлдады. Сөйтiп, бұл заң қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Заң жобасын талқылау барысында Мәжiлiс мақұлдаған құжатқа негiзгi бағыттар бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiгi туындаған. Атап айтсақ, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағы шегiндегi жайылымдарды пайдалану жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормалар алынып тасталды, «аридтiк жайылымдар», «жайылымдарды суландыру» ұғымдарына қатысты нормамен толықты, жайылым учаскелерiндегi су көздерiнiң тiзбесi нақтыланды, бiр облыстың аумағындағы жайылымдарды басқа облыстың пайдалануына беру бөлiгiнде жер қатынастарын реттеуге қатысты нормалар ҚР Жер кодексiнiң нормаларына сәйкес келтiрiлген.

Айта кетейiк, Парламент депутаттары бiрнеше жыл бойы еңбектенiп, «Жайылымдар туралы» заң жобасын әзiрлеген. Бұл заң жобасы елiмiзде 2012 жылдан берi қызу талқыланып келдi.

«Өкiнiшке қарай, Қазақстанның мал жайылатын жерлері жалпы жер көлемiнiң 70 пайызы немесе 187 млн гектар жерiн алып жатса да, жайылымдар туралы арнайы заң осы күнге дейiн жоқ. Сондықтан қолдағы 26 миллионнан астам қой, сиыр, жылқы басын әрi қарай ұлғайтып, отандық мал шаруашылығын дамыту және олардан алынатын өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттi болуы үшiн жайылымдарды пайдаланудың ұтымды тұстарын заң тұрғысында жан-жақты қарастыру маңызды шараның ең бастысы болып табылатындығы анық. Мiне, осыған орай парламент депутаттары «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерiнiң қатысуымен «Жайылымдар туралы» арнайы заң жобасын әзiрлеп шығардық», - деген едi заң жобасын таныстырған кезде депутат Жексенбай Дүйсебаев.

Заң жобасында төрт басты бағыт айқындалып, заңнамалық сипатта жеке баптармен бекiтiлген. Ең бастысы, жайылымдарды реттеу, ұйымдастыру, жоспарлау және басқару жүйелерi әзiрлендi.

«Осы бағыттарды iс жүзiнде жүзеге асыру үшiн Үкiметтiң уәкiлеттi органының, облыс, аудан, ауылдық округтердiң әкiмшiлерiнiң және аудандық өкiлеттi органның мәслихаттардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiнiң құзыреттерi белгiленген және жеке нормалары енгiзiлген. Заң жобасында өңiрлердiң табиғи жағдайларын ескере отырып, олар әр деңгейде болғандықтан өңiрлер бойынша мал ұстап бағудың нормативтерiн жасау және бекiту құқығын уәкiлеттi органның меншiгiне беру қарастырылған. Аудандық және ауылдық атқарушы органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiмен бiрлесiп, әрбiр ауданаралық, ауылдық округтердiң жайылымдарына мониторинг жасап, жоспар дайындайды. Жоспар арқылы жайылымдардың көлемi, оның өнiмдiлiгi, бағылатын малдың саны, қандай көлемде жайылымдардың бос жатқандығы және мал басының қандай жер учаскелерiнде тығыз орналасқандығын анықтайды. Жайылымдарды реттеу және басқару жүйесi құрылады. Бас жоспарды мәслихаттар бекiтедi», - дедi ол.

Заң жобасында жайылымдық инфрақұрылым объектiлерiн айқындайтын және шалғайдағы жайылымдарды ұтымды пайдалануды реттейтiн арнайы баптар да қарастырылған. Сонымен қатар, жайылымдарды беру тәртiбi, оны пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi, бұдан бөлек, жайылымды пайдаланушылардың бiрлестiгi туралы нормалар жеке баптарда қарастырылып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер