BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Отандық фильмдердің барлығын сақтау қажет – Нығматулин 

Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының бірінші оқылымында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин елдегі фильмдерге «ұлттық» мәртебе беру барысында сұрыптау белгілеріне қатысты пікір білдірді. Ол қазақстандық фильмдердің барлығын сақтау қажеттілігі бар екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қандай да бір фильмді «ұлттық фильм» деп тануға қатысты. Мұндай мәртебе ол туындыны сақтауға, мемлекет қаражаты есебінен цифрландыру және тағы сол сияқты рәсімдер жүргізуге мүмкіндік береді, солай ма? Заңның 13-бабында «Фильм келесі негіздерді жиынтықты түрде қоса алғанда ұлттық деп танылады: біріншісі – егер, фильм көркемдік тұрғыдан жоғары деңгейде түсірілсе, халықтың рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын болса, мемлекет мүдделеріне сәйкес келсе және Қазақстанды кино өнері арқылы шетелде таныстыра алатын болса. Сол сияқты, продюсердің азаматтығына қатысты 2 және 3 тармақтары бар. Қазір мынандай күдік туып отыр. Егер, мазмұндық белгілеріне қатысты фильмдер барлық кезде «ұлттық» деп танылу сынағынан өте алмауы мүмкін. Алайда, олар халық арасында өте танымал болуы мүмкін. Яғни, фильмнің идеологиялық құрамы болмағанымен, көрермен арасында үлкен сұранысқа ие болады. Мысал ретінде, сонау кеңес заманында түсірілген «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен!» фильмі. Бірінші комиссия бұл фильмнен этикалық және азаматтық нормалардың бұзылуының бірнеше фактісін анықтаған. Бұл қоғамдық жерде ішімдік ішу, бөтеннің жеке меншік нысанына рұқсатсыз кіру және тағысын тағылар», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

«Ең бастысы – өзгенің әйелін тартып алды», - деген министр Мұхамедиұлы залды ду күлдірді.

«Алайда, бірқатар азаматтың реакциясына қарағанда, бұл қылмыс деп саналмайтын сияқты», - деді Нығматуллин.

Мәжіліс төрағасы «Тақиялы періште» фильмі де жоғарыда аталған идеологиялық мазмұны жоқ, алайда, үлкен сұранысқа ие туындылардың қатарына жататынын айтты.

«Бұл фильмнің мазмұнында идеологиялық құрамның бар-жоғы - даулы мәселе. Анасы өзінің жасы келген зор денелі баласына қалыңдық іздейді. Алайда, бұл фильмдер, актерлардың шеберлігі, сюжеттің қызықтылығы, сценарийдің мінсіздігі - бұл фильмдерді шедевр етті. Осы мысалдар барлық фильмді сақтау қажет екенін білдіреді. Егер, бағасы жағынан айырмашылық үлкен болмаса, заң жобасының екінші оқылымында Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен осы мәселені пысықтау керек. Себебі, бізде Кітап палатасы бар. Онда Қазақстанда басып шығарылған барлық кітаптың данасы сақталады. Ал қай туындының сұранысқа жоғары екенін уақыт көрсетеді», - деді.

Сонымен қатар, Нығматулин фильмдерге «ұлттық» деген мәртебе беру мәселесін қарайтын үкімет жанындағы комиссияның құрамына тек шенеуніктер ғана емес, қоғам қайраткерлері, танымал режиссерлер, танымал актерлар, киносыншылары, депутаттардың кіруін қамтамасыз ету қажет екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер