BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұротандық депутаттар автожолдар мәселесін талқылады

Астана, BAQ.KZ. Мәжілісте нұротандық депутаттар Қазақстандағы автожолдар құрылысының мәселесін талқылады, деп мәлімдеді Мәжілістің баспасөз қызметі.

Талқылау барысында депутаттар автомобиль жолдары бойынша жобалардың жүзеге асырудың белгіленген мерзімдеріне қайта-қайта түзетулер енгізу және олардың мерзімдерін бұзуға, салынған автомобиль жолдарының сапасына, жол көлемінде сервисті ұйымдастыруға, карьерлерді пайдалану жарамдылығына қатысты мәселелерді көтерді.

Осыған орай, Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары А. Беков, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Б.Желдікбаев, Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары З. Жолдасов мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнінде баяндама жасады.

Комиссия отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары – парламенттік фракция мүшелері, ҚР Инвестициялар және даму, Энергетика министрлігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ өкілдері қатысты.

Талқылау «Нұр Отан» партиясының Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Комиссиясы аясында өтті. Күн тәртібінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы, 2018 жылда атқарылған

Комиссия жұмысы қаралды, 2019 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді. Комиссияға Комиссия төрағасы, Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Г.Щегельскийдің төрағалық етуімен өтті. Комиссияның жұмысы барысында 2018 жылдағы жұмыс қорытындыланып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспардың негізгі бөлігі 2018 жылғы 5 қазандағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған.

Комиссия мүшелері Инвестициялар және даму министрлігінің 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» ИДМБ-ның жобасын әзірлеу бойынша Жұмыс тобының құрамына депутат – парламенттік Фракция мүшесі С. Сәпиевтің кандидатурасын енгізуге бірауыздан шешім қабылдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер