Нығматулин «тиімсіз орындау» түсінігінің нақты анықтамасын тұжырымдау қажеттігін айтты - Парламент|04 Қазан 2017, 11:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нығматулин «тиімсіз орындау» түсінігінің нақты анықтамасын тұжырымдау қажеттігін айтты

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бюджетті игеру жайына айрықша назар аударды. Спикер екінші оқылымға дейін «тиімсіз орындау» түсінігінің нақты анықтамасын тұжырымдау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста Ұлттық экономика министрлігінің бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысты бірінші оқылымда ұсынған түзетулері қаралды. Осы орайда Мәжіліс депутаттары бюджет қаржысын тиімді жұмсау мәселелерін де назардан тыс қалдырмады.

«Бюджет қаржысының тиімсіз игерілуіне қатысты нақты өлшем болу керек. Әйтпесе, сіздер Бюджет кодексінде түсінік ретінде ұсынып отырған «нәтижелілік», «жауапкершілік», «перспективті» сияқты жалпылама сөздер қомақты мемлекет қаржысын бөлу кезінде нақты дәлел бола алмайды. Өйткені, олардың ешқайсының тәжірибелік, қолданбалық сипаты жоқ. Ал, субьективті бағалаудың соңы жақсылыққа апармауы мүмкін. Егер қаржы бір мемлекеттік органнан басқа органға қайта бөлінетін болса, не үшін олай болғанына, не себептен тиімсіз орындалғанына және соңғы нәтижесінің қалай болғандығына жауап беруіміз керек. Осыдан кейін ғана жеке жауапкершілікке қадам жасай аламыз»,-деді Мәжіліс төрағасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ, Нығматулин қаржыгерлерге де, қарапайым азаматқа да түсінікті болатындай, «тиімсіз орындау» түсінігінің нақты анықтамасын екінші оқылымға дейін тұжырымдау қажеттігін айтты.

Заңнаманы талқылау кезінде квазимемлекеттік сектор займдары көлемінің Ұлттық экономика министрлігі арқылы келісілетіндігі сынға алынды.

Спикердің айтуынша, Президент бірнеше мәрте Үкіметке бақылауға алуға тапсырған мемлекеттік займ мәселелері тағы да министрлік деңгейіне түсіп отыр. Министрлік ұсынып отырған редакция Елбасының бюджетті бақылау жөніндегі нұсқауларымен сәйкес келмейді. Сондықтан, бұл норманы Президент тапсырмасын есепке ала отырып, қайтадан тиянақты қарау қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер