Нығматулин Астана туралы: Елбасының орындалған арманы мен тарихи жеңісі - Парламент|29 Маусым 2018, 11:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нығматулин Астана туралы: Елбасының орындалған арманы мен тарихи жеңісі

Фото: ашық дереккөзден

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Астананың жиырма жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алтыншы шақырылған Парламент өзінің үшінші сессиясын ерекше кезеңде аяқтап отыр. Енді бірнеше күннен кейін мемлекетіміздің жүрегі елордамыз Астананың жиырма жылдық мерейтойы аталып өтеді. Қазақ халқымызда «кемеге мінген теңізге шығады» деген қанатты сөз бар. Осы айтылғандай 20 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың депутаттар алдында жариялаған тарихи идеясы бүгінде барша қазақстандықтардың мақтанышы болып отыр. Бүгін Астана – Елбасының ерен ерлігі, бүгін Астана – Елбасының тарихи жеңісі, бүгін Астана – Елбасының орындалған арманы. Сондықтан құрметті депутаттар, құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар баршаңызды елордамыз Астананың мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді Нығматулин.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Парламенті Палаталарының 2018 жылғы 29 маусымдағы бірлескен отырысында алтыншы сайланған ҚР Парламенті үшінші сессиясы жабылып, депутаттар каникулға шыққанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер