Министр тұрғын үй секторындағы өрт себептерін атады - Парламент|12 Қараша 2018, 11:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр тұрғын үй секторындағы өрт себептерін атады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тұрғын үй секторында өрт жиі кездесетінін айтты.

«Қазір өрттердің 70 пайызы тұрғын үй секторында болады. Олардың көбі отпен байланысты оқыс оқиғалардан, тұрғын үйдегі электр құрылғылары мен жылыту пештерінің ақауынан, балалардың отпен ойнауынан орын алады. Сондықтан біз тұрғын үй секторында тұратын халыққа насихат және түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргіземіз. Халықты жинап, өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған-сақталмағанын анықтау үшін тұрғын үйлерді тексереміз, түрлі үгіт-насихат материалдарын таратамыз, видеороликтер көрсетеміз. Мектептерде де интерактивті сабақтар өткізіліп, өрт сөндіру бөлімдерінде тұрақты түрде Ашық есік күндері ұйымдастырылып тұрады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, біздің халық арасындағы профилактикалық жұмыстарымыздың тиімділігі төмен болып отыр. Сондықтан, министрліктің профильдік комитетінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына азаматтардың назарын аудара алатын кешенді профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр», - деді Қалмұханбет Қасымов Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, орман және дала массивтерінің өрт қауіпсіздігі проблемасы да аса маңызды болып отыр.

Бұған дейін ведомство басшысы 2015 жылдан бері 1,5 мыңға жуық адамның өрттен қаза тапқанын айтқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер