BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығыне ие болды – депутат

Фото: ашық дереккөзден

Депутат Бектас Бекназаров Сенатта қабылданған «ҚР Қауіпсіздік кеңесі» туралы заң жобасының маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұрын Қауіпсіздік кеңесі туралы арнайы заң болған жоқ. Бүгін «ҚР Қауіпсіздік кеңесі туралы заңды қабылданды. Осы заңның аясында аталған кеңестің мемлекетті басқарудағы функциясы нақтыланды. Ол Үкіметтің есебін тыңдау, мемлекеттік бағдарламалар жоспарларының орындалуын бағалайды. Бұл мәселе қоғамда көп талқыланды. Жұртшылық одан хабардар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел өміріндегі тарихи миссиясына байланысты ол Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болып отыр. Заңда осыған қатысты арнайы норма енгізілді», - деді сенатор.

Сенатор аталған заңның еліміздің ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін айта келе, Қауіпсіздік кеңесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Қауіпсіздік кеңесінің өзінің аппараты болады. Аппарат өз міндетін арнайы бекітілген регламент бойынша атқарады. Ол бүгін қабылданған заңның негізінде дайындалады. Ал регламентті Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бекітеді. Кеңестің бақылауына қандай мемлекеттік органдар кіретіні регламентті дайындау барысында бегілі болады», - деп түйіндеді сөзін Бектас Бекназаров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер