Мәжiлiстегi үкiмет сағаттары да ендi онлайн режiмде көрсетiледi - Парламент|01 Ақпан 2017, 12:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжiлiстегi үкiмет сағаттары да ендi онлайн режiмде көрсетiледi

Мәжiлiс қоғам үшiн одан бетер ашық бола түспек. Ендi пленарлық отырыстармен қатар, үкiмет сағаттарынан да онлайн режiмде тікелей трансляция жүргізілетiн болады, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiздiң жұмыс ашық және тиiмдi болу үшiн Мәжiлiстiң жалпы отырысы онлайн режiмде көрсетiлiп келедi. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Сайлаушылармен байланысымызға оң ықпал етуде, мұны поштамызға келiп түсетiн хаттардан, сайлаушылармен кездесулерден көрiп отырмыз. Сондықтан Мәжiлiс бюросының шешiмi бойынша 13 ақпанда өтетiн келесi үкiмет сағатынан бастап барлық үкiмет сағаттары интернетте онлайн режiмде көрсетiлетiн болады», - дедi Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, бұл формат Мәжiлiс жұмысын одан бетер ашық және транспаренттi ете түседi.

Естерiңiзге сала кетейiк, өткен жылы Мәжілістің VI шақырылымының бірінші сессиясы аяқталған кезде Нұрлан Нығматулин қыркүйектен бастап пленарлық отырыстар онлайн режiмде тікелей көрсетiлетiнiн хабарлаған едi.

«Екі палатаның да депутаттары диалогқа ашық, азаматтық қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiмен тұрақты байланыс орнатуға дайын», — деген едi ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер