BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжілістегі оңтүстік депутаттары Түркістан облысы туралы: Көптен күткен қуанышты жаңалық

Парламент Мәжілісіндегі оңтүстік өңірдің депутаттары Президенттің Түркістан облысын құру туралы шешімін қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген депутат Мұхтар Ерман Шымкент мегаполисі мен жаңа Түркістан облысының потенциалын жоғары бағалап отыр.

«Өте дұрыс әрі қажетті шешім, себебі Қазақстанда жаңа өсу нүктесі құрылып жатыр. Миллионер қала Шымкент пен Түркістан жаңа облысы Қазақстан үшін ғана емес, Елбасы айтқандай Орталық Азия аймағы үшін де маңызды болмақ. Шымкент пен жаңа Түркістан облысының потенциалын қарасақ, бұл жерлерде өте ауқымды өнеркәсіп ошақтары мен білім беру мекемелері орналасқан. 90-жылдары Түркістанда Халықаралық Қазақ-Түрік университеті құрылған болатын. Қазір Қазақстандағы ЖОО рейтингісінде жоғары орында тұр, тіпті мұнда әр өңірден келген студенттер білім алады. Көлік пен логистика бойынша айтар болсақ, осы өңірде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транспорттық дәлізі өтеді», - деді ол.

Басты шешім қабылданды. Парламент депутаттары заңнамалық деңгейде қарастыратын боламыз. Барлық депутаттық корпус қолдады. Жаңа объектілер құрылысының жоспары әзірленіп жатыр».

Мәжіліс депутаты Уәлихан Қайназаров Елбасының жарлығы дәл уақытында шыққанын айтады.

«Менің ойымша, бұл шешім сол өлкенің дамуына үлкен септігін тигізеді. Түркістан – түркі халықтарының орталығы деген сөз бар, сол себепті облыс орталығы болғаннан кейін түркі халықтарының рухани орталығы деп есептеуге болады. Туризм дамиды, басқа дамиды деп айтып жатыр ғой. Бұл облыстың келешегі үлкен деп есептеймін. Халық саны жеткілікті, Шымкенттегі миллион тұрғынды алып тастағанның өзінде екі миллион халық бар. Сондықтан Кеңес одағын кезінде өнеркәсіп орталығы болған Түркістан мәртебе берілгеннен кейін институционалдық орталық болады. Ең мықты, білімді азаматтар жиналып оның дамыу үшін қызмет істейді».

2006 жылы Ордабасы ауданының әкімі, 2010-2016 жылдары ОҚО әкімінің орынбасары, 2003 жылы ОҚО Түркістан қаласы мәслихатының депутаты болған мәжілісмен Сәкен Қаныбеков туған жеріндегі қуанышты жаңалықты ел болып күтіп жүргенін жасырмады.

«Жаңадан облыс болғаннан кейін халық көбейеді. Елбасы айтқандай инфрақұрылымның бәрі жасалған соң келешекте облыс көшеді. Облыс көшкеннен кейін жұмыс орындары ашылады. Қаншама құрылыс салынады. Адам саны көбейгеннен кейін мектеп құрылысы, әлеуметтік нысандар көбейеді, инфрақұрылым жаңарады, оның бәрі елдің дамуына күш-қуат береді. Мерекенің алдында бұрыннан бері әні-міні болады деп бұрыннан күтіп отырған едік. Жалпы қазақстандықтар үшін бұл үлкен қуаныш», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер