BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжілісте қазақ-түрікмен шекарасын шегендеу мәселесі қаралмақ

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай депутаттар алдағы сәрсенбіде «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қазақ-түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қарауға ұсынылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер