BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс төрағасы жылды қорытындылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жылды қорытындылады.

Алдымен ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың парламент сессияның ашылуында және биылғы Жолдауда берген тапсырмаларын негізге алынғанын жеткізді.

Биыл Мәжіліс депутаттарына 82 заң жобасы ұсынылып, оның 40-ы мақұлданып, 21-не президент қол қойып, заңды күшіне енген.

«Мәжіліс депутаттары Елбасының тапсырмасы бойынша ең алдымен барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған заң жобаларына назар аударды, - деді Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжіліс төрағасы төрт айдың жұмысын қорытындылай келе, сессия басталғалы 7 «үкіметтік сағат», парламенттік тыңдау, 7 Мәжіліс комитеттерінің «көшпелі отырыстары», 3 халықаралық конференция өткенін жеткізді. Осы орайда ол сайлаушылармен жұмыс істеу, тиімді «кері байланысты» орнату маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Нығматулин президент биылғы Жолдауын жариялағаннан кейін депутаттар халықпен кездесу үшін өңірлерді аралағанын мәлім етті. Оның айтуынша, қазіргі таңда Мәжілістің қарауында тағы да 40-тан астам заң жобасы бар.

«Осы құжаттардың барлығын сессиямыздың соңына дейін жан-жақты талқылап, қабылдауымыз қажет. Себебі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету, біздің басты мақсатымыз. Сондықтан, барлық фракция депутаттары әдеттегідей, бірлесіп, тиімді, елсенді және нәтижелі қызмет атқаруымыз керек», - деп түйіндеді сөзін Мәжіліс төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер