BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Депутаттарға аталған заң жобасын Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Оның айтуынша, аталған құжат бизнес шығындарын қайта реттеп, аталған саладағы әкімшілік кедергілерді жою бойынша жүргізіліп жатқан саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

Заң жобасы негізінде 13 кодекс пен 100 заңға мыңға жуық түзету енгізу көзделген.

Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұзақ талқылаған депутаттар оны бірінші оқылымда мақұлдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер