BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс депутаты Қызылорда облысында кездесу өткізді

Қызылорда облысында Мәжіліс депутаты Балайым Туғанбайқызы Кесебаева Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев ашты.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қарымсақов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ниязовтар баяндама оқыды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер