BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжiлiс Балалардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасын мақұлдады

Бүгiн Мәжiлiс депутаттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигiзетiн ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заң жобасын екiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Заң жобасы баланың құқықтарын қорғауды басым түрде қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты халықаралық, құқықтық тұрғыда балалардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Соның iшiнде ол Қазақстан Республикасы ратификациялаған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Балалар құқықтары туралы конвенциясында бекiтiлген жалпыға бiрдей танылған қағидаттар мен нормаларға сәйкес қабылданған. Заң жобасы балалардың психо-физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың әртүрлi жас топтарына арналған ақпараттық өнiмнiң мазмұнына қойылатын өлшемшарттарды бекiтудi көздейдi. Барлығы «жас санаты» белгiсi берiлетiн балаларға арналған ақпараттық өнiмнiң алты санаты көзделедi. Заң жобасы ақпараттық өнiмге «жас санаты» белгiсiн түсiруге, жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық-телекоммуникациялық желiлер, оның iшiнде интернеттi пайдалана отырып таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткiзуiн шектеудi көздейдi. Балаларға арналған ақпараттық өнiмдi таратуға талаптар енгiзiледi», - дедi Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан.

Депутаттың айтуынша, мәжiлiсмендер заң жобасына бiрқатар түзету енгiздi. Атап өтсек, бiрiншiден, жас сыныптамасын және тиiстi санаттағы ақпараттық өнiм белгiсiн түсiрудi жүзеге асыратын субъектiлердiң саны қысқартылады, екiншiден, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигiзетiн ақпараттан қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етедi. Үшiншiден, өкiлеттi органға ақпараттық өнiмге жас сыныптамасын беру әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту функциясы берiледi, төртiншiден, уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың заң жобасы ережелерiн iске асыру бойынша құзырет түрiн нақтылауға бағытталған бiраз түзетулер енгiзеледi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер