Мәжіліс Арменияға қатысты заңды мақұлдады - Парламент|26 Желтоқсан 2018, 13:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мәжіліс Арменияға қатысты заңды мақұлдады

Фото: ашық дереккөзден

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған заң жобасын депутаттарға таныстарған ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2015 жылғы 6 желтоқсанда Арменияда конституциялық референдум өтуі нәтижесінде мемлекеттік басқару формасы президенттік басқару түрінен парламенттік басқару түріне өзгергенін айтты.

«Қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2018 жылы сәуірден бастап Арменияның премьер-министрі елдің жоғары лауазымды тұлғасы болды. Осы ел премьер-министрі өкілдіктеріне сыртқы саясат мәселелері де жатады, ол мемлекеттік қауіпсіздік кеңесін басқарады. Қарулы күштер Үкіметке бағынады. Армения президентінде қазір шектелген өкілдік қызметтері бар. Бұл елде аяқталған саяси реформаны ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшыларымен қатар, үкімет басшының кіруін реттеу мақсатында аталған хаттаманы Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп әзірледі», - деді министр.

Заңды талқылау барысында депутаттар Арменияның үкімет басшысына қатысты заң жобасын мақұлдады.

Айта кетейік, осыған дейін Мәжіліс төрағасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовты сынға алғанын жазғанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер