BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс алдағы күн тәртібін нақтылады

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп жазады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда депутаттар «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын талқылайды. Ол Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы негізінде және Бюджет кодексіне сәйкес, еліміздің 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сай әзірленген.

Сонымен қатар, жалпы отырыста депутаттар назарына «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасы ұсынылатын болады.

Жалпы отырыста басқа да заң жобаларын қарау жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер