BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маманның біліктілігін растайтын сертификаттау ісі бәсекелес ортаға өткізіледі – депутат

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мәжілісі депутаты Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бұл білім беру саласындағы бірқатар түйіні тарқамай келе жатқан мәселелердің шешімін табады.

«Бірінші кезекте жаңа заң жобасы білім саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар дуалды білім беру мен сертификаттау саласындағы мәселелердің шешімін табады. Тарқатып айтатын болсқа, дуалды білім беру аясында студент бір емес бірнеше біліктілікті игеріп шығатын болады және де болашақта ол өзіне қызықты салада еңбек жолын одан ары жалғастыра алады. Ал, мамандарды сертификаттау бәскеелес ортаға өткізіледі. Күні бүгінге дейін маманның біліктілігін растайтын сертификаттарды оқу орындары беретін болған және кәсіпорындар осы сертификатқа қызығушылық танытпастан диплом сұрап келген. Сондықтанда сертификаттау бәсекелес ортаға беріледі және оны кәсіптік колледж басшылықтары және «Атамекен» кәсіпкрелер палатасы да қолдап отыр», - деді Бақытгүл Хаменова.

Мәжіліс депутатының айтуынша, осы сертификат беру ісі мемлекет бюджетіне де үлкен салмақ салып отыр. Мәселен, өткен жылы осы мақсатта 1 млрд теңге қаражат жұмсалған.

Осы ретте, айта кетер болсақ, мәжіліс депутатының серттификаттауға қатысты проблемаларын «Атамекен»ҰКП маманы да растады. Алайда ол мамандардың біліктілігін растайтын сертификат беру ісі бизнес үшін қызықты емес, деп отыр.

Оның айтуынша, бүгінде еліміз бойынша 30 сертификаттау орталығы жұмыс істейді. Нарық үшін бұл сананың қалыптасуына кемінде 5-6 жыл керек екен.

Сонымен, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бұдан басқа, жалпы отырыста «1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеуленетін болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер