BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Квазимемлекеттiк сектордың сыртқы борышы бақылауға алынды

Фото: BNews.kz

Бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мемлекеттік және квазимемлекеттік борыш мәселесiне тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік борыш мәселесiне келсек, мемлекеттік борыш ЖІӨ-ге шаққанда 26% құрады. Дүниежүзілік экономикалық форумның соңғы есебі бойынша Қазақстан «Мемлекеттік борыш» көрсеткіші бойынша 137 мемлекеттің арасында 11 орынды иеленді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда рейтинг 6 сатыға жақсарды. Бұдан әрі де қарыз алуда валюталық тәуелділікті болдырмау үшін бюджет тапшылығын қаржыландыру саясаты ұлттық валюта мен ішкі ресурстарға бағытталады. Квазимемлекеттік сектордың да сыртқы борышы бақылауға алынды. Биылғы жылдан бастап олардың борышын Қаржы министрлігі қадағалайды», - дедi Бақыт Сұлтанов.

Атап өтсек, бүгiнгi отырысқа ҚР Премьер министрi Бақытжан Сағынтаев, Конституциялық кеңес, Жоғары сот пен Орталық сайлау комиссия төрағалары, Үкiмет мүшелерi, республика президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган басшылары, Президент әкiмшiлiгi, Премьер-министр кеңсесiнiң қызметкерлерi мен БАҚ қатысып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер