Қиылыста стоп-сызықты басып өткені үшін айыппұл салу мәселесін қайта қарау қажет – О.Өксікбаев - Парламент|07 Қыркүйек 2016, 15:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қиылыста стоп-сызықты басып өткені үшін айыппұл салу мәселесін қайта қарау қажет – О.Өксікбаев

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол қозғалысы» туралы заңға өзгерістер енгізуге арналған заң жобасын талқылау барысында депутат Омарxан Өксікбаев көше қиылыстарында стоп-сызықты басып өту әрекеті бойынша айыппұл салу мәселесін қайта қарап шығуды ұсынды. Себебі көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілерді өткіземіз деп, жол ережесін бұзған адамдар ретінде тіркеліп жатады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз стоп-сызықты әдейі кесіп өтіп, жол-көлік апатына себеп болып жатқандар жайында айтып отырған жоқпыз. Көше қиылысында бұрылғанда жаяу жүргіншілерді өткіземіз деп, айыппұл төлеуге мәжбүр болып жатады. Керек болса, бұнын бәрін жіктеп, заңда анықтап жазайық. Бөлек тармақша ретінде енгіземіз бе, осы мәселені ашып алу қажет», - дейді депутат О.Өксікбаев.

Жиынға қатысқан ҚР Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов көше қиылысында стоп-сызықты кесіп өту әрекеттерінің 90 пайызын теxникалық құралдардың тіркеп жатқанын жеткізді. Дегенмен, көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді өткіземін деп, айыппұлға іліксе, аппеляцияға беріп, сот арқылы өз құқығын қорғай алатынын айтты. «Негізі, бұл мәселе ойға қонымды. Оны әлі де талқылап, қарастыруға болады», - дейді вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер