BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда балалар институтының омбудсменін қаржыландыру керек - депутат

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және балалар құқығы бойынша уәкілі Зағипа Балиеваның есептеуінше, Қазақстанда балалар институтының омбудсменін қаржыландыру керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Балалар құқығы бойынша уәкілетті институтты бюджеттік қаржыландыру мәселесін шешу керек. Париждік өлшемдер ұлттық мекеменің қызметін атқару үшін ғимараты және қаржыланду болғанын талап етеді», - деді З. Балиева Мәжілістің әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, инфрақұрылым мен қаржылық қамтамасыз ету омбудсменді үкіметтен тәуелсіз етеді.

«Бұл қаржыландырудың мақсаты ұлттық мекемеге үкіметтен тәуелсіз және өз персоналының, ғимаратының болуына мүмкіндік беру», - деп түсіндірді депутат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер