Қазақстан мен Тәжікстан өзара жер учаскелерін алмаспақ - Парламент|17 Қаңтар 2018, 10:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Тәжікстан өзара жер учаскелерін алмаспақ

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беруге байланысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды құжатты әзірлеу мәселесін қарастырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Отырыста аталған заң жобасы қандай мәселені реттеуді көздейтінін депутат Мәулен Әшімбаев түсіндірді.

«Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін бір-біріне 1 гектар көлеміндегі жер учаскелерін 49 жылға дейінгі мерзімге символикалық жалдау ақысымен пайдалануға береді. Келісім осы мәселенің құқықтық негіздерін айқындайды. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат.

Аталған заң жобасы бойынша қорытынды құжатты әзірлеу Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер