Қазақстан мен Польша Сенаттары ынтымақтастықты нығайтады - Парламент|17 Маусым 2017, 14:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Польша Сенаттары ынтымақтастықты нығайтады

Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

ҚР Парламенті Сенатына Польша Сенаты төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған осы елдің парламенттік делегациясы келді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Польшаға алғыс айтты. Қазіргі кезде көрмеде балама энергетика мен «жасыл» экономика саласындағы әлемдік технологияның үздік үлгілері көрініс тапқан.

С.Громов Варшава біздің еліміздің Еуропа одағындағы және Орталық Еуропадағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Оның пікірінше, Польша президенті Анджей Дуданың биылғы қыркүйектегі Астанаға сапары ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын ілгерілетуге ықпал етеді.

Қазақстан Сенаты төрағасының орынбасары меймандарды жоғарғы Палатаның конституциялық өкілеттіктерімен және еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Әңгіме барысында экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстардың келешегі талқыланды. Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды.

Мария Коц қос ел арасында қол жеткен өзара түсіністік деңгейін жоғары бағалады және Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық диалогты жалғастыру қажеттігі туралы айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер