BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан «инвестициялық магнитке» айналуы тиiс – министр

Фото: Фprofit.kz

Қазақстан Орталық Азия аймағындағы «инвестициялық магнит» болып қалуы тиiс. Осы мақсатта елiмiзде сәйкес жаңа заңдар қабылданып жатыр. Мәжiлiс отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн депутаттар «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне тәуелдiлiк (венчурлік) қаржыландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады. Заң жобасын талқылау барысында мәжiлiсмен Бекболат Тiлеухан министрден «заң жобасы қабылданса, қандай оң өзгерiстер болады, елiмiзде инвестициялық ахуал жақсара ма?» деп сұрады.

«Ең бастысы, бұл заң инвестициялық ахуалмен тығыз байланысты. Бүгiнгi күнi бiздiң стартап жобаларымыз азаматтарымызбен бiрге шетелге кетiп жатыр. Бiзде жоғары тәуекелдi жобаларды қаржыландыру үшiн сәйкес заңнама жоқ. Заң жобасы қабылданса, бiрiншiден, олар Қазақстанда қалады. Екiншiден, бұл Орталық Азиядағы бiрiншi заңға айналады. Бiзде венчурлік нарық пайда болып, жұмыс iстеп кетсе, онда бiздiң көршiлердiң стартаптары бiзге келедi. Содан кейiн, шетелден келетiн инвестициялардың көлемi де өседi», - деп түсiндiрдi Қасымбек.

Министрдiң айтуынша, соңғы 26 жылда Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемi 300 млрд долларды құрады. Бұл Орталық Азиядағы жалпы көлемнiң 70 пайызы.

«Қазiргi күнi көршi мемлекеттер үлкен әрекет жасап, заңдарын өзгертiп жатыр. Сондықтан, бiз де осы трендтi жоғалтпай, осы жерде инвестициялық магнит болып қалу үшiн жаңа заңдарды қабылдап жатырмыз. Соның iшiнде осы заң өте керек. Себебi, бiрiншiден, инвестициялық ахуал жақсарады, екiншiден, кадрлар өзiмiзде қалады, үшiншiден, елiмiзге сырттан инвестициялар көп келедi», - дедi Жеңiс Қасымбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер