BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақша түсінбей отырсың ба?». Сенаторға қаржы вице-министрінің әрекеті ұнамай қалды

ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінің отырысында депутат Ерболат Мұқаев қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловқа ашуланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Комитет отырысында бюджет қаржысын тиімді игеру мәселелері қаралды. Мемлекеттік органдардың басшылары өз есептерін беріп, депутаттардың сұрағына жауап берген соң, сенатор Ерболат Мұқаев отырыстағы соңғы есепті оқыды.

«Үкіметтің есебі және есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджетті атқару бойынша қорытындысын талқылау бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асты. Парламент Сенатының қабырғасында қаржы министрлігі мен есеп комитеті өз таныстырмаларын өткізді. 5 жұмыс тобының отырысы өткізілді», - деді ол.

Алайда депутатқа қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың жиындағы әрекеті ұнамай қалса керек, Ерболат Мұқаев бірден өз ойын ашық айтты.

«Берік Шолпанқұлұлы, қазақша түсінбей отырсың ба? Енді, не істеп отырсың? Или тебе не интересно слушать на государственным языке?», - деді Ерболат Мұқаев.

Қаржы вице-министрі сенатордың сұрағына жауап берген жоқ. Кейін депутат өз есебін жалғастырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер