BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қауiпсiздiк кеңесiнiң қызметiне өзгерiстер енгiзiлмек

Фото: ашық дереккөзден

Бүгiн Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесi және құқық қорғау органдары комитетiнiң кеңейтiлген отырысы өттi. Жиында ҚР Қауiпсiздiк кеңесiне қатысты заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Нақтыласақ, отырыста «ҚР Қауiпсiздiк кеңесi туралы», «ҚР Қауiпсiздiк Кеңесi қызметi мәселелерi бойынша кейбiр ҚР заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы талқыланды.

Комитет төрағасы Георгий Ким заң жобасына қандай жаңашылдықтар енгiзiлетiнiн айтып бердi.

«Аталған заң жобасының мазмұны ұлттық қауiпсiздiкпен қоса қорғаныс қабiлеттiлiгi, заңдылық пен құқықтық тәртiп болады. Екiншiден, елiмiзде ғана емес аймақтағы және әлемдегi жағдай мен қауiп-қатердi талдау қарастырылған. Қауiпсiздiк кеңесiнiң ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарға қатысты үйлестiрушi рөлi нақтыланады. Жаңашылдығы - барлық қауiп-қатер зерттелiп, елiмiздiң оларды сәттi жеңуi үшiн шешiмдердiң максималды нұсқалары әзiрленедi. Әрине, заң жобасы ұлттық қауiпсiздiк, қорғаныс қабiлеттiлiгi, құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету жұмысын фундаменталды, стратегиялық жоспарлауды қарастырған», - дедi Георгий Ким.

Сенатордың айтуынша, бұрын бұл өкiлеттiктер Қауiпсiздiк кеңесiнде болған. Яғни, бұған дейiн олар Мемлекет басшысы бекiткен ережемен реттелетiн. Ендi Сенаттың жалпы отырысында осы ұсыныс қолдауға ие болса, өкiлеттiктер жеке заң түрiнде қабылданады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер