BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәмпиттер мен сағыздар: Сенатор балаларды есірткінің жаңа түрлерінен қорғауға шақырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева депутаттық сауалында есірткі мәселесін көтерді.

Сенатордың айтуынша, қазір есірткі мен синтетикалық заттар сатылымы туралы ақпарат қолжетімді болып кеткен. Есірткі ашық жарнама арқылы сатылады. Жыл сайын есірткі бизнесі нашақорлыққа қарсы күресті жеткізбей келеді. Есірткіден түсетін жыл сайынғы әлемдік табыс $320 миллиардтан $600 миллиардқа дейін жетеді. Бұл дүние жүзінің 90 мемлекетінің ІЖӨ-сінен артық.

«Қазақстандық жасөспірімдердің есірткіні қабылдауы туралы мәліметтер кез келген ата-ананы шошытуы мүмкін. Еліміздегі есірткіге тәуелді 52 мың адамның үш мыңы – балалар. Ең кішкентай нашақор қазір 7 жаста. Ол инъекциялық есірткі қабылдайды. Алматыда 2018 жылдың өзінде ғана 18 бала есепке алынған. Және де бұл толық мәлімет емес. Бұл көрсеткішті тағы бірнеше рет көбейтуге болады. Себебі, барлығы есірткі орталығына дейін жеткен жоқ. Адамдардың 80-90 пайызында героин, метадон мен ауыр есірткі түрлеріне қарсы иммунитет қалыптасқанымен қазіргі жаңа есірткі түрлеріне қалыптаспаған. Қазір шегуге арналған қоспалар, синтетикалық есірткілер, кристалдар шығып жатыр», - деді Айтпаева.

Депутаттың айтуынша, қазір кәмпиттер мен сағыздар да бар. Интернеттен де есірткі табу оңай болып кетті. Есірткі курьері мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі жастағы балаларға түскен. Сондай-ақ, Айтпаева оқушылар арасында синтетикалық есірткілер кең тарағанын айтты. Олар негізінен Қытайдан әкелінеді жəне олардың бір түрі ваннаға арналған тұз түрінде жеткізілген.

«Бұл тұздың бір түйірі, бір иіскеу галлюцинация тудырады. Егер балаға уақытылы көмек көрсетпесе, ол ұшқысы келіп, биік ғимаратқа шығып, абайсызда секіріп кетуі мүмкін. Осылайша, білместіктен суицид жасалады», - деді Сәуле Айтпаева.

Сенатордың айтуынша, бүгін отырыста қабылданған заң есірткінің таралуына жол бермеуге бағытталған.

Атап өтсек, бүгін Парламент Сенатының отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қабылданды. Аталған заң есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салуды көздейді.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі таратушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер