BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салатын заң қажет - ІІМ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралуда.

Заң жобасымен ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов таныстырды.

«Осы заң бойынша жаңа есірткілерді мемлекеттік бақылауға қосудың негіздемелері мен тәртібі анықталады. Үкіметке осындай өкілеттіктерді беру Қылмыстық кодекске енгізілетін толықтыруларда қарастырылған. Бұл түзетулер нарықта тез пайда болатын синтетикалық есірткінің жаңа түрлеріне Үкімет қаулысымен бірден тыйым салуға мүмкіндік береді. Осылайша біз елімізде жаңа есірткінің таралу жолын кесеміз. Ұлттық тізімдерді қалыптастырудың осындай тәжірибесі дүние жүзінің көптеген елдерінде, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде қолданылады. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының 1961 жылғы Есірткі жөніндегі конвенциясына негізделеді. Осылайша, Конвенцияның 39-шы бабына сәйкес, мемлекет есірткіге қатысты қажетті бақылау шараларын қабылдай алады. Біздің ойымызша, бұндай шаралар қазір өте қажет», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, аталған заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық жағдайларға нұқсан келтірмейді, қосымша бюджеттік шығындарды қажет етпейді әрі еліміздегі синтетикалық есірткінің таралуына қарсы тиімді шара саналады.

Естеріңізде болса, бүгін Сенат отырысында Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылған болатын. Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қабылданды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер