BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.73
Астана:

Емделуге келетін тәжікстандықтар қатары көбейді – депутат

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көші-қон саласындағы көрсеткіштерді баяндады. Оның айтуынша, медициналық туризм бойынша Қазақстанға келетін тәжікстандықтар саны артқан.

«2017 жылы Қазақстаннан Тәжікстанға 4115 қазақстандықтың жолы түссе, олардың 154 іскерлік мақсатпен, 725 халықаралық тасымалдау үшін, 3236 жеке шаруасымен барған. Өткен жылы Қазақстанда 59400 Тәжікстан азаматы тіркелген. Оның ішінде 17785 адам туризм бойынша келген. Медициналық туризм бойынша Қазақстанға келіп еліміздің үздік денсаулық сақтау мекемелерінде емделушілер қатары көбейгенін атап айтқан жөн. Тәжік ағайындарының көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы облысына, Астана қаласына, Түркістан және Қарағанды облыстарына ат басын тіреген», - деді депутат.

Ол елімізге келген Тәжікстан азаматтары арасында көші-қон заңнамасын бұзушылар, басқа да құқық бұзушылықтарға ұрынушылар барын атап өтті.

«Қазақстан азаматтығын алған тәжік ағайындардың ішінде қос азаматтықпен жүргендер де әшкереленіп жатады. Осы келеңсіздіктерге жол бермеу үшін екі елдің көші-қон саясатын үйлестіруге, қос тараптың құқық қорғау органдарын қажетті ақпаратпен жедел алмасуына мүмкіндік беретін база қажет», - деді Мұсырман.

Еске сала кетсек, бүгін Мәжіліс депутаттары «ҚР Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер