BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Президент «7-20-25» туралы: «Пәтері жоқтарға арналған бағдарлама»

Фото: krsk.aif.ru

ҚР Президентінің төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев өзі ұсынған бес әлеуметтік бастаманың алғашқысы «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бес әлеуметтік бастама дәл уақытында қабылданды және әр бастама қарапайым адамдар үшін арналған. Бұл бастамалар мемлекет үшін аз қаржы тұрмайды. Әр бастама біздің не істеуге тиіспіз, сол туралы айтады», - деп бастады сөзін Елбасы.

Содан соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев Президенттің алғашқы бастамасы әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру туралы баяндады.

«Бірінші бастама – әр отбасыға баспаналы болуы үшін жаңа мүмкіндіктер беру. Ұлттық бағдарлама «7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасының концепциясы бойынша қабылданды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап осы бағдарлама бойынша банктер тікелей несиелеуді бастайды. Бағдарламада ипотекалық тұрғын займы теңгемен және қосымша комиссиясыз, займ жинағынсыз беріледі», - деді Досаев.

Президент Премьер-министр орынбасарының сөзінен соң аталған бағдарламаның тиімділігіне тоқталды.

«Біз ең бірінші жастардың баспаналы болуына мүмкіндік берерміз, содан соң ешқандай пәтері жоқтарды қамтимыз. Пәтері барлар ақша тауып, сатып алады. Ал біз бұл бағдарламаны бүгінде ешқандай пәтерлері жоқтар үшін жасадық. (...) Біз барлық ақшаны, отбасында жұмыс істейтін екі адамның еңбекақысын есептедік. Ипотекалық кредит мөлшері максимум 7% болады. Процентті төмендеуі үшін алдағы уақытта жұмыс істейміз. Кредит үшін төлейтіндерге арзан болу үшін бұрындары алғашында 50% жарнаны талап еттік, қазір 20% болды. Бұрын максимум 10 жылға несие берсек, қазір 25 жылға дейін беріледі», - деді Елбасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер