BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депутаттар Целиноград ауданындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары Ақмола облысы Целиноград ауданында жұмыс сапарымен барып қайтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В.И.Олейник, А.А.Смағұлов, М.М.Магерамов қатысты.

Жұмыс сапары барысында Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Ақмол ауылы № 22 өрт сөндіру бөлімі, Жайнақ ауылы «Агрофирма Актык» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құралымдарын аралады. Сонымен қатар, «Астана халықаралық әуежай» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің объектісіне барды.

Осы іс-шараны өткізу мақсаты мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрт сөндіру бөлімшелерінің, сондай-ақ ауылды жерлерде өрт сөндіруге тартылатын ерікті өрт сөндіру құралымдарының жағдайымен және жұмысымен танысу.

Бүгінгі күні республикамызда 422 өрт сөндіру бөлімшесі және 2695 түрлі функционалдық мақсаттағы өрт техникасы бар. Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері жеке құрамының саны 17 729 адам.

Жыл сайын елімізде өрт сөндіру бөлімшелері 45 мыңнан астам өртпен күреседі. Тек 2017 жылы өртті жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер 4 мың адамды құтқарып, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялады.

2018 жылдың 9 ай ішінде өртті жою және авариялық-құтқару қызметі 2 806 адамды құтқарып, 15 159 адамды эвакуацияланды. Өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарына, өртену уақиғаларына дабыл бойынша 39 523 шығу жасалды.

2014 жылы «Азаматтық қорғау туралы» Заңның қабылдануымен шалғай ауылдық округтерде өрттерге және жануға ден қою жүйесін дамыту үшін әкімдіктердің құзыретіне мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде ең аз техникалық ресурстармен өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша тікелей норма бекітілді.

Республикамызда өрт сөндіру бекеттері саны - 202, жалпы тұрғындар саны 600 мыңнан астам адамды қамтитын 648 елді мекенді өрттен қорғауға қауқарлы. 209 әртүрлі өртке қарсы қолданатын техника бар.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінсіз еріктілердің күшімен түрлі өрттерді сөндіру деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Мысалы 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін еріктілердің көмегімен 3 877 өрт сөндірілген.

Жалпы, қазіргі уақытта ауылда 4814 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды. Олардың қолында 8 мыңнан астам өрт сөндіру автокөліктері, бейімделген техника мен өрт сөндіру мотопомпалары бар. Еріктілердің жеке 50 мың адам.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер