Депутаттар тағы да өңiрлерге аттанады - Парламент|01 Ақпан 2017, 10:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депутаттар тағы да өңiрлерге аттанады

Депутаттар дереу өңiрлерге аттанып, Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы – еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Осы кезеңде әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді», - дедi Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгiн төменгi палатаның жалпы отырысында.

Оның айтуынша, депутаттық корпустың алдында тұрған ендігі басты міндет – маңызды құжатты ел азаматтарына түсiндiру.

«Ендi бiз Президенттiң жолдауын әр қазақстандыққа, әрбiр отбасына жеткiзiп, түсiндiруiмiз керек. Осыған байланысты ертеңнен бастап Мәжiлiс депутаттары өңiрлерге шығамыз. Бұл өте маңызды әрi жауапты жұмыс», - дедi Мәжiлiс спикерi.

Айта кетейiк, Мәжiлiс депутаттары жақында ғана өңiрлерден оралған болатын. Палатаның биылғы жылдағы алғашқы пленарлық отырысы 18 қаңтарда өткен едi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер